Адасқан ағымдағы жігіт әйелді балалардың көзінше зорлап тастады

Есімін Айнұр деп атауын сұраған келіншекті ер адам шиеттей бала-шағасының көзінше зорлап, айуандық танытқан. Ең сорақысы, ол ер адам ел алдында беделі бар діни ұстаз екен. Дәстүрлі ислам емес, салафизм ағымының өкілі. Салафизм болғанда да ішіндегі мадхали бағытын ұстанушы. Ол қандай ағым? Айнұрдың ендігі тағдыры қандай? Бұл сұрақтарға жауапты «Еуразия» телеарнасының тілшілері іздеп көрді.

«Жұрт жақтап, қыз мақтаған» ері Айнұрға екінші рет үйленіп, талақ айтқан. Арада біраз уақыт өткенде жол жүруі себепті балаларға бір күнге келіп, жанында болып, қарап беруін сұрайды. Ойында ештеңе жоқ, келіншек келіседі. Келсе, қонақүй секілді үлкен жай екен. Бір бөлмесіне әкеліп, бүлдіршіндерімен бірге орналастырады.

«Мені балалардың көзінше төсекке құлатып, қылқындырып, қолдарымнан қайырып, аяқтарымнан, сандарымнан қысып, зорлап тастады», – дейді келншек. Осылайша бұрынғы күйеуі екі мәрте зорлап, зәбір көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *