Қайрат Нұртас өз әнін орындаған үнді жігітіне қайран қалды (ВИДЕО)

Қайрат Нұртас өз әнін орындаған үнді жігітіне таң қалды. Шетел азаматының ән шырқап отырған осынау сәтін әнші өзінің Instagram-парақшасына бөлісті.

Видеода үнді жігіті Қайрат Нұртастың «Жүрегім сен келгелі бақытты» әнін шырқайды. Әншінің өзі бұған «Мықты деймін» деп пікір білдірген. Шетел азаматының әнді жүрегімен құдды түсініп тұрғандай жеткізуі жұртты да сүйсіндірді. Желі қолданушылары жүрген жерінде өзге ұлт өкілдерін қазақша сөйлетіп жүретін әншіге ризашылықтарын білдіріп, ерекше қошеметтерін көрсетті.

Осыдан 2 ай бұрын Кореяға жол тартқан Қайрат Нұртас сол елдің жергілікті тұрғындарын қазақша сөйлеткен еді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *