Арамтамақ еркекті асыраудан шаршадым

Менің үш балам бар, күйеуім араққа өте жақын, екі үш күнде ішіп келіп мазамды алады. Күйеуімнің іс-әрекетінен жүйкем жұқарып кетті. Отбасының тіреуі болудың орнына білгенін істеп жүр. Ішсе, үй қарасын көрмей қаңғырады, үйге келе қалса,  миымды жейді, балаларымның мазасын алады.

Ажырасайын десем үш баламды əкесіз өсіріп, төркінде қаңғытып жүргім келмейді,ажыраспайын десе арақ ішіп мазамды алады. Өзінің жұмысы жазда ғана,  қыста менің ақшаммен отырамыз. Тірлік жасауға құлқы жоқ. Қолымда екі дипломым бар .Ажырасқанда жұмыс тауып, күн көріп кетуге болады, бірақ балаларымда балабақшаға, ,мектепке сүйреуім керек.Көмектесетін туысқандардан қайыр жоқ, өзіме ғана сенуім керек. Мен əйелдің де, еркектің де үйде жұмысын істей беремін, күйеуім түк істемейді, оған бəрібір, құлаған жерінде жата береді. Енді не істерімді білмей жүрмін, қайтсем екен?..

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *