Ғашығынан қапыда айырылған жігіттің сөзі көпті жылатты

Күні кеше Алматы қаласында автобус қағып мерт қылған 24 жастағы бойжеткенге өлердей ғашық болған азамат жүрек елжіретер қоштасу сөзін арнады.. Ол NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне хат жолдап, өзінің шынайы сезімі туралы айтып берді.

Азаматтың айтуынша марқұм болған Айғаным Ерланқызы 1994 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Асы Саға ауылында дүниеге келген. Сол жердегі Төлен Қабылов мектебін 2012 жылы бітіріпті.

«Біз 2017 жылдың күзінде танысқанбыз. Содан бері оған шын ғашық болдым. Өте қарапайым, тәрбиелі қыз болатын. Менің өзіне қатты ғашық екенімді білетін. Бірақ біз қыз-жігіт болып кездеспедік», — дейді ол.

Есімін құпия қалдыруда жөн санаған жігіт Айғанымның қазасын естігенде есеңгіреп қалдым дейді.

«24 жастағы қызды қоғамдық көлік қағып кетті деген жаңалықты оқығаныммен, оған мән бермеген едім. Досым полиция қызметінде жұмыс істейді. Сол қайтыс болған қыздың Айғаным екенін айтқанда есімнен тана жаздадым», — деп ақтарылды.

Ғашық серінің сөзіне сүйенсек, ол Айғаныммен осыдан екі апта бұрын,қаладағы сауда орталығында кездескен екен.

«Сол уақытта оны соңғы рет көріп тұрғанымды білсем, ешқайда жібермес едім. Ол менің ең алғашқы, шынайы махаббатым болып қала береді. Айғанымның есімін жүрегімде мәңгі сақтаймын», — деп сөзін қорытындылады азамат.

Еске салсақ, 18 сәуір күні Алматыда жолаушылар жолағынан өтіп бара жатқан 24 жастағы бойжеткенді қоғамдық көлік қағып кеткен болатын.

Ауыр соққыдан бойжеткен көз жұмып, жүргізуші қамауға алынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *