Қазақ қыздарын виртуальдық порнобизнеске тартқан

Қазақстандық қыздар виртуал порнобизнеске алданып қалған. Қыздарға ақшаға ер адамдардың түрлі өтініштерін веб-камера арқылы орындау қажет болған.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

«Модель қажет: жоғары жалақы, икемді жұмыс уақыты, жайлы кеңсе»  деген хабарламаға көзі түскен алматылық Айя өзінің порнобизнеске тартылатынын білмеген.

Виктория есімді қыз оған аптасына 50 мың теңге төлеймін деп уәде берген. Яғни, Айя шетелдіктермен веб-камера арқылы тек әңгімелесуі қажет болған.

«Көйлегімді көтеруді сұрады. Кейін төсек орнында аяғымды көрсетуді сұрады. Содан мен Викториядан «Шешінуім қажет пе?» деп сұрадым. Ол болса «Жоқ, көйлегіңді көтерме. Себебі ақша жоқ. Ақша болған кезде шешінесің» деп айтқан болатын, — дейді алматылық қыз.

Қыздың айтуынша, веб-камера арқылы шетелдіктердің көңілін аулау немесе би билеп беру — бұл олардың ең қарапайым өтініштері.

Алайда алматылық Айя бұл фирманың виртуал порноиндустриямен айналысатыны жайлы екінші күні ғана күдіктене бастаған. Содан қыз олардан фирманың атауы мен құжаттарын талап етеді. Бірақ жұмыс беруші не құжаттарды, не фирманың атауын да айтпады. Осылайша, веб-камера студиясының басшысы Қазақстанда заңсыз түрде бизнеспен айналыс жүргенін мойындаған.

Алматылық веб-камера модельдерінің айтуынша, жергілікті қыздар шетелдік клиенттер арасында үлкен сұранысқа ие.

Алматы қалалық ІІД өкілдері де қалада бірнеше шетел азаматының жүргені жайлы мәліметті жоққа шығармады.

«Мүмкін қыздарды белгілі бір бизнес түріне алдап шақырып, бірақ расында басқа қызметке тартатын алаяқтар тобы бар шығар», — деді Алматы қалалық ІІД өкілі Салтанат Әзірбек.

Телеарна мәліметінше, заңнамада «вебкамера-бизнесі» деген түсінік жоқ. Сондықтан да мұндай бизнеспен айналысып жүргендердің қандай жаза тартатынын айту мүмкін болмай тұр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *