Баласын төбелеске мәжбүрлеген әкенің ісі тексерілуде

Астанада Тәшенов көшесіндегі үйдің ауласында әкесі ұлын мектеп оқушысымен төбелесуге мәжбүрледі. Куәгерлердің айтуынша, 8-10 жас шамасындағы балалар төбелескен, — деп хабарлады sputniknews.kz 

Көрнекі сурет

«Әкесі: «Аяма! Ұр, тоқтама! Бетінен ұр, басынан салып-салып жіберсейші! Ұр дедім саған! Басынан ұр!» деп айқалап жатты. Қалған балалар үнсіз қарап тұр (естерінен танып тұрған болар). Адамдар терезеден айқайлап, полиция шақырғанын айтты, алайда ер адам ұлын «жігерлендіруін» қоймады: » Ұр, тоқтама! Бетінен ұр! Басынан соқ!». Екінші бала артқа шегіншектеп, қорғанғаннан басқа ештеңе істеген жоқ. Полицейлер келіп қалды, үшеуін де алып кетті», — деп жазды желі қолданушысы Марина Миллер.

Елорда ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға аталған факті бойынша материалдар жиналғанын хабарлады.  

«41 жастағы қала тұрғынына қатысты процессуальдық шешім қабылданады «, — деді ІІД.

Желідегілер әкесі ұлын таяқ жеген баладан есесін қайтаруға мәжбүрлеген деген болжам жасады.  

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *