Баласына ренжіген ананың талабы

Анасымен ұрсысып, ренжітіп алған бір жігіт былай дейді: «Үйден ашуланып шықтым. Алайда біраздан соң өз-өзіме келіп, үлкен қателік жасағанымды түсіндім.

Қалтамнан ұялы телефонымды алып: «Адамдар: «Аяқтың үстіңгі жағынан гөрі табанының еті жұмсақ әрі өте жағымды» деп жатады. Қымбатты анашым! Табаныңыздың жұмсақтығын екі ерніммен байқап көруге рұқсат бересіз бе?», – деп анама хат жібердім.

Үйге қайтып келіп, есіктен кірсем анам холда отыр екен. Екі көзі дымқылданып, жүзінен қуанған белгі көрінеді. Мені көре сала былай деді:

«Мен саған оны істеуге рұқсат етпеймін. Себебі ол сөздің дұрыстығына күмәнім жоқ. Сенің бала күніңде аяғыңның асты-үстін сүйгенде көзімді әбден жеткізген болатынмын».

Сол сәтте менің буын-буынымнан әл кетіп, көзімнен жас парлап жүре берді.

Фар край 1 скачать, фар край 2 скачать бесплатно с торрента на русском - скачать far cry 1 на пк

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *