Екі еркек 12 жасар қызды жабылып зорлаған

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында 52 және 34 жастағы ер адамдар 12 жастағы бүлдіршін қызды зорлаған, деп хабарлайды Today.kz ustinka.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ауыл тұрғындарының айтуынша, кәмелетке толмаған қызды мас күйінде ауруханаға әкелген. Қыз есін жиғаннан кейін өзінің зорланғанын айтқан. 

Полиция күдіктілерді анықтады. Олар да жергілікті тұрғындар екен. Қазір олар уақытша қамау абақтысында. 

Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 120 бабы 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *