Ер адам өз енесіне үйленіп алған

Санкт-Петербор қаласының 50 жастағы тұрғыны Вячеслав Жуковский әйелінің 73 жастағы анасы Галина Евгеньевнаға үйленіп алды деп жазады «Комсомольская правда» газеті.

Басылым тілшілерінің хабарлауынша, Вячеслав әскери-теңіз флотының үшінші дәрежелі офицері болған. Бірнеше жыл бұрын жалақысын бермегені үшін өзі жұмыс істейтін мекеменің бухгалтерін өлтіріп қояды. Қылмысы үшін ол 13 жыл 10 ай түрмеде отырып шыққан.

Сотталғанға дейін Жуковта баспана да, отбасы да болған. Бірақ болашағынан күдерін үзген ол бірінші әйелінен ажырасуды өзі сұрайды.

Түрмеде жатып ер азамат газетке өмірлік махаббатын жолықтырғысы келетінін жазып, артынша Елена деген әйелмен танысады. Түрмеден шыққан соң екеуі үйленіп, әйелдің анасымен бірге Санкт-Петерборға келеді. Бірақ бес жылдан кейін ерлі-зайыптылар ажырасып тынған. Сонда басы босаған күйеубаласын зейнеткер әйел өз үйіне кіргізіп алыпты.

«Қызыммен ажырасқаннан кейін Слава қиналып қалды. Баратын жері жоқ еді. Уақытша бізде қалуына рұқсат еттім. Кейіннен біз бір-бірімізбен жақсы тіл табысып кеттік. Үйленуге шешім қабылдадық», — дейді 73 жастағы әжей.

Ал Вячеслав болса, өзінің бақытты екенін айтып жүр. Қазір ерлі-зайыптылар балалы болуды жоспарлауда.

sn.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *