Әйелдерге өз тәнін саудалаған жігіт

– Менің қазіргі өмірімді көріп ешкім еш уақытта «сондай» болды деп ойламасы анық. Ұйып отырған отбасым бар, екі баланың әкесі, үлкен шаруа қожалығының иесімін. Қалтамда табақтай екі дипломым да бар. Өзің білесің, ата-анам ерте жол апатынан қайтыс болғанан кейін, нағашы атам мен әжемнің тәрбиесінде болдым. Анам — Күләш нағашыларымның жалғыз қызы болған. Ал әкемнің үйінде төрт ұл. Бірақ, олар бір-біріне өте суық еді. Мені асырап алуға ешқайсысының құлқы болмады. 

Осылайша ата-әженің тәрбиесін алып, сабақты жақсы оқуға тырыстым. Өзің көргендей мектептің озат, беделді оқушыларының бірі болдым. Атамның денсаулығы күрт төмендеп, мен сегізінші сыныпқа келгенде қайтыс болды. Сопиып бір-бірімізге тірек болып, әжем екеуіміз қалдық. 

Оқу бітіргеннен кейін мен университетке түстім. Сол уақытта сендер менен біраз көз жазып қалдыңдар. Стипендияға ілігу үшін күні-түні кітаптан бас алмадым. Арманым — оқу бітіріп, әжемді қасыма көшіріп алу. 

Сол уақыттары аумалы-төкпелі заман еді. Қымбатшылық етек алып, барлығы талонмен берілетін болған. Әжемнен ақша алмай, өз күнімді өзім көруге тырыстым. Жаз уақытында студенттердің отрядымен ақша табу мақсатында жұмысқа баруды шештім. Осылайша бізді бастап апарған факультет деканының тәрбие жөніндегі орынбасары Зайра есімді мұғалімнің «оң қолы» болдым. Сол кездері ол кісі менен он жеті жас үлкен еді. Бірақ, өз жасынан өте жас көрінетін. Естуімше бір профессордың әйелі болған. Кейіннен профессор қайтыс болып, жалғыз қалған. Жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, сылқылдап күлгені барлығы жас қыздардай еді. Бұрын қыздарға онша мән бермейтін едім, кейіннен Зайра апайыма ерекше қарайтын болдым. Ол кісі де мені өзіне жақын тартып үнемі қолдап жүретін. Осылайша бір ай ішінде ол кісіні жақсы көріп кеттім. Сырттай ғашықпын. Ол сезімді Зайра апайымыз байқайтын сияқты. Үнемі бір сылтау тауып, қасынан табылуға тырысамын. Кешке жастар арасында болатын дискотекаға да бармай Зайра апайдың қасында ғылым жайлы әңгіме бастап соңы махаббат жайлы да болып кететін еді. 

Келген соң мен бірден ауылға әжеме тарттым. Бір ай ауылда болып, әжеме болысып, каникул күндерім өте шықты. Ойымнан Зайра мұғалімнің қылықтары кетер емес. Сол кезде екінші курс студенті өзімді ересек санап, Зайра мұғалімге өз сезімімді білдіруді ұйғардым. Қатарлас қыздар мені еш қызықтырмады. 

Оқу басталып кетті. Зайра мұғалім де бір сылтаулармен мені өзінің кабинетіне жиі шақыратын болды. Шақырса құстай ұшып жетіп барамын. Қасынан кеткім келмейді, «тағы да бір жұмыстар шықса екен» деп армандап тұрамын. Сүйікті мұғалімімнің қасынан бөтен ер-азамат көрсем өзімше еркек болып, қызғанатынды да шығардым. 

Ойлағаным бір күнде орындалып, Зайра мұғалім маған өзінің саяжайының жұмыстарына көмектесуімді өтінді. Бос жатақханада жатқан жігіт үшін бұл деген таптырмас ұсыныс емес пе? Мен саяжай жұмыстарын реттеп, апайым тәтті тағамдар дайындап кешкілік «мерекелік дастархан» жайылды. Ортаға қымбат коньяк та келді. Спирттік ішімдік ішіп көрмеген мен қыза бастадым. Ақыры қызып отырып ұстазыма сүйетіндігімді айтып, ерніне сүлікше жабыстым. Апайым да қызып алса керек, еш қарсылық танытпай құшағыма құлай кетті. Мен сол күні алғаш рет төсекте «еркек» болдым десем де болады. Қыздардың қолынан ұстаудан аспаған маған төсек ләззатының мұндай кереметі ерекше көрінді. Бойда қуат тасып тұрған жас жігіт қасындағы әйел адамға ұйқы берсін бе?… 

Осылайша біз махаббат майданын бастап кеттік. Сабақтан шыққан соң бірден апайымның үйіне тартамын. Қалтамда өзімнің жеке кілтім де бар. Таза киім, мол тамақ, рахат өмір арқасында менің күйім де жақсарып, біраз толдым. Сол үйдің еркегіне айналдым. Апайым да күннен-күнге жасарып барады. Сабақтан қалмаймын, оқуымды жақсы оқып жүрдім. Топтастарым менің апайыммен ара-қатынасымыздан бейхабар. Сезіктенгендерге «алыс туысқаным» деп қоямын. 

Зайра апайым Мәскеуде оқығандықтан орыс құрбылары өте көп. Бір күні Мәскеуден Ольга есімді құрбысы келді. Үшеуіміз көңіл көтеріп ақыры соңында мені Ольга Зайра апайымнан «сатып алды». «Сатып алды» деген сөз құлаққа түрпідей тиетінін білемін, яғни жас жігітпен төсектес болғысы келген Оля Зайрадан мені сұрайды. Құрбысының көңілін қимаған апайым мені көндіру үшін, «саған ақша төлейді, әжеңді ойласаңшы» демесі бар ма? Қызып отырып, бұл ұсынысты мен қабылдадым. 

Осылай бастаған «сату» жұмысы ары қарай жалғасын тапты. Шынын айтсам, Зайра апайым маған клиент жинап қоятын болды. Мен де төсекте әккі «серік» бола білдім. Клиенттердің барлығы қырықтан асқан, тіпті елудегі орыс-қазағы бар әйелдер. Сабаққа баруды да азайттым, ол жағын да Зайра апай реттейді. Осы қызметімді жасап жүріп оқуымды аяқтағанша, біраз қаржы жинап алдым. Екі жылдай осындай қартаң бай әйелдердің төсекте тілін тауып, қаржымды жинап, басқа қалаға тайып тұрдым. Ол кезде есейгенім бе Зайра апайыма деген махаббатым да өше бастаған. Жинаған қаржыма ойланбастан мемлекеттің сатылып жатқан асхана, дүкендерін сатып алдым. Осылайша бизнес әлеміне еніп кеттім. Әжем мен үйленетін жылы көз жұмды. Болашақ жарыма да басымнан өткен оқиғаны жасырмай айтып бердім. «Өткеніңе өкінбе, сенің өткен өмірің мен үшін маңызды емес» деп әйелім барлығын дұрыс түсінді, – деп досым өз әңгімесін аяқтады. «Естімеген елде көп» дегендей мен бұл әңгімені естіп, есеңгіреп отырып қалдым. Бәлкім, шараптың буы болмаса досым бұл басынан өткен жағдайын айтпас та еді. Қаншама жандардың басында біз білмейтін шытырман оқиғалар бар шығар…

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *