Күйеуіме қайта қосыла алмай жүрмін

Жасым 21-де. Екі балам бар. Аллаға шүкір деймін. Басты мәселем үш ай бұрын күйеуіммен ажырасып кеткен едім. Қанша бір бірімізді жақсы көріп тұрсақ та жиі ұрысамыз. Мінезіміз сәйкес келмейді деуге болады. Ұрыспайтын күніміз жоқ десек те болады. Осы ажырасар кезде де болмашы нәрсеге ұрысып, ақырында ажырасып тындық.

Алайда соңғы кездері жолдасым қайтадан қосылайық деп жүр. Қазір төркінімдемін. Алайда ата-анамның алдынан өтіп, кешірім сұрап кешірейгісі келмейді. «Шыққан қыз шиден тысқары» деген рас екен. Қазір төркініме де сыйыса алар емеспін. Бауырларым жақтырмайды. Үлкен болып ақыл айта бастасам, ажырасып келгенімді бетіме баса береді. Анам да солардың жағына шығып алады. Негізі о баста мен мамамның айтуымен ажырасқан едім. Сол кездері еш өздігімнен шешім қабылдай алмай, басым қатып кеткен еді. «Заңмен ажырасасың, қайтып қосылсаң екі дүниеде кешірмеймін» деген еді. Тіпті «сені ешқашан көрмейміз» деді. Енді қазір күйеуім «қайт, балаларды ал да автобусқа мін» дейді. Екі ортада басым қатты. Күйеуімді қатты жақсы көремін. Тек қоймай ренжіскенде түңіліп кетем. Соңғы кездері не күйеуімнен не, не төркінімнен жылулық көрмей жалғызсырап жүрмін. Кейде мамамнан қорқып жүріп, күйеумнен айрылып қаламын дба деп те қорқамын. Не істеймін, қай жолды тағдаймын. Өмір көрген жандар ақыл қоссаңыздар екен. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *