Күйеуімнің бірінші әйелі маза берер емес

 Қайырлы күн, қыз-келіншектер, құрбылар.Мен де сіздермен ой бөліссем деймін. Мен 2 баласы бар жігітке тұрмысқа шықтым. Күйеуім балаларына қарайласып, ай сайын ақша беріп тұрады. Менің оған еш қарсылығым жоқ, балалары ғой,  обал ғой деп ештеңе айтпаймын.

Біздегі мəселе, бұрынғы əйелі. Үйленгенімізге 3 жыл болса да, бірінші әйелі əлі күнге дейін тыныштық бермейді.Күйеуіме телефон шалып қарғап-сілеп отырады.Анда-санда маған да смс жазып жібереді, жаман сөздер  жазады. Күйеуім екеуі тіпті ресми түрде үйленбеген де, тек біраз уақыт бірге тұрған. Күйеуімнің ата-анасы екеуіне үйленуге рұқсат бермей қойған екен. Себебі ол əйел күйеуімнен 10 шақты жас үлкен.

Ал мені ата-енем қатты сыйлайды. Ауылға барған сайын жандары қалмайды. Жиі-жиі хабарласып, қал-жағдайымызды біліп тұрады. Күйеуімді қатты сүйемін, әбден бауыр басып қалдым. Біз үйленбей тұрып, екеуміз кездесіп жүрген кездің өзінде ол əйелмен араласпайтын. Оған сенімдімін. Күйеуім ол туралы: «Бұл менің өмірдегі ең үлкен қателігім» деп қатты қиналады, балаларын ойлайды. Мен не істесем болады, сол әйел әбден шаршатты, Осылай үндемей жүре бергенім дұрыс па?

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *