ОҚО әкімі жаппай уланған жандарға көмектесуге қосымша дәрігерлерді тартуды тапсырды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкентте балмұздақтан жаппай уланған науқастардың жағдайын біліп қайтты. Облыс басшысы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында болды. Өткен аптада бұл ауруханаға жедел ішек инфекциясы диагнозымен қала тұрғындары түскен болатын.

«Бүгінгі күні олардың жағдайы тұрақты, науқастар тиісті ем алуда. Ауруханада дәрі-дәрмектер мен төсек-орын жеткілікті. Олар тезірек сауығып кету үшін барлық жағдайларды жасауымыз керек», – деп атап өтті Түймебаев.

Ол жұқпалы аурулар ауруханасының жұмыс кестесін күшейтуді және қосымша медициналық мамандарды тартуды тапсырды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Түймебаев жексенбі күні жедел штабтың отырысын өткізді. Онда ол облыстық мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің жұмысын сынға алды.

29-шы наурыздың түнінен бастап 30-шы наурызға дейін ауруханаға балмұздақтан уланды деген 40 ересек және 20 бала келген.  Олар дене қызуы мен, жүрек айнуына шағымданған.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 38 науқас ауруханадан шығарылған, ал қалғандары тиісті ем алып жатыр.

Алдын ала ұсынылған мәліметтер бойынша, олар балмұздақты «Оңтүстік» дүңгіршегінен сатып алған. Тәттіге арналған қоспаның үйде әзірленуі мүмкін. Адамдардың жаппай улану фактісі бойынша тексеру жұмысы басталды.

заказать алкоголь можно на сайте доставка алкоголя Хабаровск

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *