Пәктігінен айрылған бойжеткен не істерін білмей дал

Пәктігінен айрылған бойжеткен өзге қыздар секілді отбасын құрып, ана атанғысы келеді. Алайда, жүрген жігітінен ажырасып, қазір өзін ешкімге қажет емес адамдай сезініп жүрген ол жұрттан кеңес сұрады.

«Кеңестеріңіз керек. Менің жасым – 20-да. Бірақ неге екенін білмеймін, кішкентайымнан ұятсыз фильмдерді көп көретінмін. Қазір де қоя алмадым. Сөйтіп, 16 жасымда ләззатқа беріліп, өз қыздығымды өзім бұзып алдым. Ол кезде пәктік дегенді ойламаппын.

Жақында бір жігітпен жүріп, оған сырымды айтып, жақындастық. Бірақ 2 ай болды. Анам ол баланы ұнатпай, бізді ажыратып жіберді. Менің жаман қылықтарымды шешем білмейді ғой. Енді өзімді керексіз заттай сезініп жүрмін. Не істесем болады?», – деп жан сырымен бөлісті бойжеткен Instagram-парақшасындағы топтартың бірінде.

Дереккөз: sn.kz 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *