Құрбымнан күйеуімді қызғанамын…

Мен 21 жастамын, тұрмыстамын, аяғым ауыр. Аллаға шүкір, ата-енем, күйеуім жақсы адамдар. Ата-енем бізге той жасап берді, ал мен қызжолдас болуға өзімнің мектеп кездегі құрбыма өтіндім. Ол Астанада оқитын жəне сол жақа отбасымен көшіп кеткен болатын. Құрбымды көрмегеніме 3 жыл болып еді, сағындым көргім келді, сырласқым келді. Сол үшін өмірімде болатын бір ғана бақыт тойымда сол құрбымның қасымда болғанын қаладым. Ол тойыма 1 апта қалғанда келемін, баратын жерім жоқ деген соң біздің үйде тұратын болды. Келді, уақыт жетіп, күтіп алдық күйеуім екеуміз. Ол сондай өзгеріп кеткен, мінезі де сөздері де жүріс-тұрысы да, мені қатты таңғалдым. Содан құрбымды ата — енемде жақсы қарсы алды, бірақ маған құрбымның кейбір қылықтары көңіліме күдік ұялатты. Ол шай ішіп отырсақ күйеуіме тесіле қарап, шай іш, тамақ же деп қиыла қарайды. Енеммен жағаласып тамақ істеп, кешкі шайда мен әзірлеген тамақ қалай болыпты, жесеңші деп қоймайды. 

Содан құрбым күнде қыдырайықшы деген соң парктерге, неше түрлі кафелерге апарып жүрдік. Содан күйеуімнің қолынан ұстап ертең қайда барамыз деп сызылады, ауырып тұрсың ба деп маңдайынан ұстайды. Маған: «куйеуің əдемі ғой, əсіресе кірпіктері қайырылып қалған ұзын, жүрісі де ұнайды маған, тіп-тіке жүреді, менің де күйеуім осындай болса ғой, арманым жоқ» деп ашық айтады. 

Тойға 4 күн қалғанда менің əке-шешем үйге шақырды құрбымды, бардық. Әке-шешем дастархан жайып шай дайындап бізді күтіп отыр екен. Келсек əкем сəл масаңдау екен. Біз кеткен соң мамам хабарласып, әлгі құрбың неге сонша күйеубалама тесіліп отыр, əкең мас болсада соны байқап қойыпты» деді. Осыдан кейін анам күнде хабарласып тұрды, əке шіркін жүрегі бірдеңе сезгендей-ақ. 

Құрбымды күйеуімнің досымен таныстырғанбыз, содан сол күні үйге қонбады құрбым, мені қойшы ата-енемнен ұят болды. Сол күннен кейін əкем үйге келді, есікті ашсам жынданып ішке кіріп кетті, кəні ана қыз деп сүйреп сыртқа шығарып, «құры, кет сен менің қызымның отбасын бұзуға келдің ба, неге жүрсің бұл үйде» деп шығарып жіберді. Сені үйге келгенде байқағам қарасың жаман еді, қызымды ішіндегісімен құртайын дедің ба деп жер жебіріне жетті. Мен демалалмай отырып қалдым, жылайын десем көзімнен жас шықпайды, қатты қиналдым. Содан əкем күйеуіме айтты «сен де еркексің, мен де еркекпін, ол қызды көрмегенімізге көп болып еді қалаға барып мүлдем өзгеріп кетіпті, қанша дегенмен еркексің жүр кеттік деп қылмындап тұрса барасың, қанша жерден əйелің болсада деп ашығын айтты. Осы жағдайдан кейін құрбым мені қарғап кетті, туа алмай өл деді. 

Ол кеткеннен кейін күйеуім екеуміз қатты ұрсысып қалдық. Мен оны құрбыма қылмыңдадың деп артық кеттім, ол ақталып, сенің құрбың болған соң көңілін тауып, жақсылап күтіп шығарып салайық дедім деді. Қатты ұрсысқанымыз соншалық ол мені шапалақпен салып жіберді. Ертесі той, жұрттың алдында өтірік күліп ойнап өткіздік, тойым той болмады өзіме, ойымдағыдай, мен армандағандай болмады, ойласам жүрегім қан жылайды. Өмірімдегі бір рет болатын тойымның быт-шыты шықты. Той болатын күні құрбым «тойыңның шырқын бұзам, əкең екеуіңді қаматам деп біраз шу шығарды, одан қызуым көтеріліп түспей қойды. Бірақ әйтеуір кетті Астанасына. Енді естуімше, біз таныстырған күйеуімнің досына тиейін деп жатыр екен. Мен оны көргім келмейді, достар болған соң бірге бас қосулары болып тұрады күйеуім мен досының, сонда мен қалай ол қызды көріп жүрем. Осы үшін тағы да күйеуіммен сөзге келіспей қалдық. Құрбым шаңырағымды ортасына түсіріп тына ма деп қорқам…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *