Рудныйда жантүршігерлік жол апаты болды

Рудныйда шағын автобустың қатысуымен болған жол апатынан бір адам қаза тауып, 10 адам зардап шекті, деп хабарлады alau.kz Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы шамамен сағат 19.00-де Ленин мен Марите көшелерінің қиылысында болған. Жітіқара — Қостанай бағытында кетіп бара жатқан шағын автобус пен BMW соқтығысты.

«Жол апатының салдарынан шағын автобустың жолаушысы, 1993 жылы туған ер адам оқиға орнында қайтыс болды. 10 адам түрлі жарақатпен ауруханада жатыр, араларында жаяу жүргінші бар», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Жол апаты болған жерге облыстық ЖПҚ басшысының орынбасары барды.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *