Сексендегі енесін үйден қуған келіннің өзі далада қалды

Қостанай тұрғыны қалалық сотқа өзіне тиесілі баспанасынан кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы бар келінін шығару туралы шағым түсірген. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды Baq.kz.

Баспана 87 жастағы шағым иесінің атына 2002 жылы тіркелген және ол сол үйде тұрып келген. Өзге баспанасы жоқ. Сот отырысы барысында келіні кейуананы үйге кіргізбейтіндігі, жанжал шығаратындығы және немерелерінің онымен араласпайтындығы анықталды. Сондықтан зейнеткер қызының пәтерін паналауға мәжбүр болған.

Ұлы мен келіні осыдан біраз уақыт бұрын ажырасып, ол үйден кетіп қалған. Ал келіні болса балаларымен енесінің үйінде қалғанымен, баспана ауыртпалығын көтермейді: коммуналдық қызмет ақысын төлемей үйде заңсыз тұрып жатыр.

Көрсетілген жағдайларды ескеріп, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның нормаларына сай және шағым иесінің жасын ескеріп, сот зейнеткерді баспананың жеке-дара иесі деп тапты. Сонымен қатар, жауапкерлер тек үй иесінің келісімімен баспанада өмір сүре алады.

Істі қарау нәтижесінде сот жауапкерді балаларымен бірге жылу беру мерзімі біткен соң үйден шығаруға шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *