Шымкентте мұғалім мектеп кабинетінде асылып қалған

Қайғылы оқиға Шымкенттегі Асар шағынауданында 21 сәуір күні күндіз болған деп мәлімдеді TVK телеарнасы. Информатика пәнінің мұғалімі мектеп кабинеттерінің бірінде асылып қалған, — деп хабарлады sn.kz

Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем бригадасы шақырылған. Дәрігерлер педагогтың өлімін тіркеуден артық ешқандай шара қолдана алмады.

 Алдын ала болжам бойынша, 1990 жылғы мұғалім өз-өзіне қол салған. Оның қоштасу хатын жазған-жазбағаны әзірге айтылмай отыр. Іспен тергеушілер айналысуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *