Тоқал аламын деп әйелінен таяқ жеп қалды

Қазір тоқал тақырыбы қызып тұр. Күйіп тұр десе де болғандай. Әлеуметтік желіні ашып қалсаң, әңгімесінің бір ұшын екінші әйелге әкеп тірейтін еркектердің көбейіп келе жатқанын байқайсың. Қаншасы отбасының шырқын бұзып алып отыр. Неге? Өйткені жұрт оған жеңіл-желпі қарайды. Дінтанушы Ерсін Әміре тоқал мәселесі неліктен өршіп тұрғанын әзіл әңгіме арқылы түсіндіріп берген екен.

«Бір кісі асханада ыдыс жуып жатқан әйеліне барып, екінші әйел алу тақырыбын көтеріпті. Ол «Біздің қанша баламыз бар?» деп сұрапты, әйелі: «бесеу» деп жауап беріпті. «Солардың қайсын көбірек жақсы көресің?» десе, «бәрін бірдей жақсы көремін ғой» депті әйелі. «Жүрегіңе 5 балаға деген махаббат қалай сыйып тұр?» деген сұрағына, «Алла тағала аналарды жүрегі кең етіп жаратқан ғой» деп жауап беріпті. Сонда ол: «Көрдің бе, еркектердің де жүрегі сондай кең. Сендердің жүректеріңе өрік сияқты бір ғана дән сиятын болса, біздің жүрегіміз анар сияқты, ішінде дәні көп» деп уағыз айтыпты. Әйелі ашуланып кетіп, күйеуіне пышақ сұғып алыпты.

Осы оқиғаны мысалға келтіріп, бір шейх: «Бұл кісі тақырыпты дұрыс таңдап, дұрыс жеткізді. Бірақ уақыты мен орнын дұрыс таңдаған жоқ. Әйелдің қолында пышақ тұрған кезде емес, басқа жерде айту керек еді. Сол үшін оның ісі даналыққа сай болмады», — деп жазған екен. Сол үшін де адам уақытын, орнын дұрыс таңдай білу керек. Әйтпесе, әлгі еркек сияқты құрбан болып кетесің», — дейді Ерсін Әміре.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *