Туысқаным қызтеке болып шықты…

Жангелді бізге үш-төрт атадан қосылатын ағайын жігіт еді. Ара қашықтығы алыс емес ауылда орналасқандықтан, әке-шешелеріміз бір-біріне балаларын жіберіп, аман-саулық білісіп отыратын. Көбіне Жангелді каникулға шықса біздікіне келетін, бірге ойнап өстік. Ол жуас еді. Дауысы да ақырын шығатын, қазақы сөзбен айтқанда қыз мінезді еді. 

Көппен бірге өмір заңымен біз де мектеп бітірдік, қалаға келдік дегендей. Мектепті алтын медальмен бітірген Жангелді оқуға қиналмай түсті де, мен бірден ауылға қайтқым келмей, әртүрлі жұмыстар атқарып жүрдім. Сол кезден бастап қаланың қарбалас тіршілігінде жүріп арамыздағы байланыс баяулай бастады. 
Бірде орталық көшелердің бірінде келе жатыр едім, соңғы модада киінген қаракөзілдірікті нәзіктеу жігіт қарсы ұшырасты. Кім екеніне мән бермейтін едім:
— Есен! Қалың қалай? — деп ол күлімсірей бұрылып, қолын ұсынды. Қара көзілдірігін шешкенде барып таныдым, Жангелді екен. Құшақ жайып амандасып тұрып, оң құлағының жоғары тұсын тескен сырғаға көзім түсті. Ол кезде көгілдірлер туралы ұғым санамда жоқ еді, «еліктегені шығар» деп ойладым. 
— Иә, не жаңалық? — деп бастап екеуіміз жөн сұрасып біраз тұрып қалдық. Ол оқу бітіргенін, қала мектептерінің бірінде мұғалім болып жүргенін айтты. Неге екенін білмеймін, сөйлескен сайын өзімен-өзі күлімсіреп, бұрынғыдан да бетер майысып біртүрлі көрінді. Әке-шешеміздің хал-жайын біліскен соң жөнімізге кеттік.
Жазды өткеріп, күзде ауылға жолым түсті. Сол кезде Жангелдінің ауылындағы құралпылас екі досымыз — Мұрат пен Ерғали мал қарап жүргенін сылтауратып қыдырыстап келді. Ауылдың да жазылмаған заңы бар ғой «күтіп жіберу» деген. Мектепте бірге оқыған сыныптас қыздың дүкеніне барып, бір-екі жарты шөлмек алып, машина ішінде отырып бас қосуымызды бастап жібердік. Әңгімеден-әңгіме шығып отырып ауылдасы болған соң олардан Жангелдінің жағдайын сұрамаймын ба?..
— Е, ол «голубой» туысқаның қазір ауылға қайтып келген. Мұғалім болып жүр, — деді қызбалау мінезді Ерғали төтесінен. — Еркектік қасиеті кемшін қалған бірдеңе. 
— Өткендегі қызықты айтсаңшы бәрінен… – Мұрат қысыңқы көзін одан бетер сықсита қарап кеңкілдеп күлсін…
Олардың бастағалы отырған әңгімесі өзіме жайлы тие қоймасын білсем де Жангелдінің қашаннан ауылда жүргенін сұрадым.
— Ол қаладан «қысқартуға ұшырадым» деп келген. Ауылдың мектеп директоры жақсы оқыған, білімді Жангелдіні сөзге келмей мамандығы бойынша жұмысқа қабылдаған, — деді Ерғали. — Оның не істеп жүргеніне мән бермейтін едік, Жангелдімен көрші тұратын шопыр Ерсіннің он бірінші сыныпта оқитын Ерлан деген ұлы шошынып қалмағанда… Мектепте сабағын жап-жақсы түсіндіріп, ел қатарлы жүрген ол кешкілікте байыз тауып отыра алмай, әр нені желеу етіп Ерсіндікіне жиі барады екен. Тағы да бірде кешкісін сыртта мал жайғап жүрген Ерланды айқай салып өзіне шақырып алыпты. «Көмекке шақырды ма?» деген оймен қасына келген Ерланды «жүрші» деп қорасының түкпіріне қарай алып кірген ғой. Түкпірге жетісімен Ерланның ерніне жабысып, қыздарша аймалай бастапты.
Мұғалімінен мұндайды күтпеген ол бұдан кейін қайтіп сыйласын, боқтап-боқтап сыртқа ұмтылғанда, Жангелді тұра жүгіріп, жолына көлденең тұрып ешкім білмесін деп жыларман болыпты. Ал осы еркектік пе?.. Оны айтасың сол кезде:
— Жан.. Жангел қайдасың?.. – деп жаңа үйленген келіншегі қора жаққа келе жатыр дейді. Тұтығып не дерін білмеген Ерлан үйіне тұра безіпті. Сонда беті бүлк етпеген Жангелді:
— Жай, мында бір сиыр кірмей Ерланға байласып жібер деп шақырғаным ғой — депті дейді. 
Осыны айтқан Ерғали мен Мұрат көздерінен жас аққанша күлсін, ал мен жерге кіріп кете жаздадым. Есіме қалада кездескенде құлағынан сырға көргенім түсті. Жігіттердің айтқанын өтірік дейін десем, көз алдымда Жангелдінің құлағынан көрген сырға… Демек, ол сол кездің өзінде бүлініп үлгерген екен ғой. Қаладан қысқарып ауылға қайту себебінің бір ұшығы осы қылығында жатпасына кім кепіл?..
Ерғали мен Мұрат шөлмек таусылған соң, жоқ іздеп ары қарай жөндеріне кетті. Ал мен Жангелдінің осы адам кешірмес қызтеке қылығы үшін бетімнен отым шыққан күйі қала бердім…
… Ал жақында үйге келген Жангелдінің әкесі ауылдағы орта мектептің бала азайып кеткен соң, бастауыш мектеп болып қалғанын, сағаты қысқарған Жангелдінің бос қалғанын, ыңғай болса оның қандай жұмыс болса да істегісі келетінін айтып қалаға келіп кетті. Мен «қарастырып көрейік, өзім хабарын айтамын» дегеннен басқа ештеңе айта алмадым… 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *