Қызғаныштан жезөкшені буындырып өлтірген жігіт тұтқындалды

Қызғаныштан жезөкшені буындырып өлтірген Қостанай тұрғыны 12 жылға бас бостандығынан айырылды. 31 жастағы Абай Мұхамбетовтың үкімін сот бүгін шығарды. Бұл туралы аймақтық «Наша газета» басылымына сілтеп Stan.kzақпараттық агенттігі хабарлайды.

Азамат қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы бойынша (адам өлтіру) айыпталды. Іс материалдарына сәйкес, Мұхамбетов 22 жастағы студент Кристина Шульженконы төсек жаймасымен буындырып өлтірген. Айыпталушы жәбірленушімен жақын қатынаста болған.

Судья Жанар Тілеубаева Мұхамбетовты 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол марқұм Кристинаның әжесіне моралдық шығын ретінде 1,5 миллион теңге мен өкілдік шығын ретінде 120 мың теңге беруі тиіс.

Айта кетейік, Рудный тұрғыны Кристина Шульженко ақша үшін интимдік қызмет көрсеткен. Ол өзінің клиенті Абай Мұхамбетовпен достасып қалған. Мұхамбетов қыздан жезөкшелікпен айналыспауды өтініп, аптасына 15 мың теңге беріп тұруды ұсынған. Ол келіскен. Ал 27 қараша күні Шульженконың үйіне сантехник келген. Кранды жөндеп болған ол шыға берісте Мұхамбетовке кезігіп қалған. Өз кезегінде Абай сантехникті Кристинаның клиенті деп ойлап, ашуға мінген. Артынша қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, қызғаныштан оны буындырып өлтірген. Істің өзге жай-жапсары белгісіз, себебі сот жабық режімде өткен.

Айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *