Қызының ажалына себеп болған әкенің өкініші

Адам миына ота жасайтын әйгілі емханалардың бірінде ассистент қызметін атқарған бір кісі қызметін басқа қалға ауыстыратын болады. «Ақыры, жұмыстан кетеді екенмін. Кетер кезде сонша жыл еңбек еткен жерімнен «пайда» тауып кетейін-ә,»- деген ой келеді басына. Сөйтеді де ота барысында қолданылатын маңызды сайманды білдірмей ұрлап алады. Оны апарып бір танысына сатып жібереді. Өзі басқа қалаға көшіп кетеді.  Арадан бірнеше ай өтеді. Бір күні әлгі ассистенттің кішкентай баласы балконнан жерге құлап түседі.

Бірталай қан жоғалтып, «комаға» түседі. Қызықты қараңыз, бұл қызға көмекті тек қана бұрынғы өзі істеген емхана ғана көрсете алатын болып шықты. Қызын дереу сонда жеткізеді. Дәрігерге жалынғандай болып: «Енді қызымның жағдайы қалай болады?»- деп сұрайды.

– Қызыңызға көмек берер едік-ау, бірақ қолымызда өте қажетті сайманымыз болмай тұр, – деп,  баяғы  қолды болып кеткен құралдың атын айтады.

Ассистент сол жерде жасаған қылмысын мойнына алып, кешірім сұрап, баяғы сайманды сатып жіберген жерге барады. Аллаға шүкір, сайман әлі сол жерде екен. Бірақ оны емханаға жеткізгенше бәрі де кеш болды. Сайман жеткенше, екі жасар қызы  жан тапсырып, бұл дүниеден өтіп кете барды.  Әкесі қанша өкініп, бармақ тістегенмен, қызына зәредей де пайда бермеді.

Тұжырым: «Не қылады дейсің?» деп жасалған кейбір қылмыстардың соңы өте ауыр болып шығады…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *