Жан құрбысы сұлу қыздың өмірін тозаққа айналдырған

Мен өзімнің әпкем Жанель жөнінде айтпақшымын. Ол 20 жылдан бері ішкілікке салынып кеткен. Жоқ, ол алқаштармен бірге көше кезіп қаңғырып, көрінген жерде құлап жатқан жоқ. 

Оның тіпті бөтелкелес достары да жоқ, ол үйде, жалғыз өзі ішеді. Оның балалары да, күйеуі де болған емес. Әрдайым жанында анамыз бар. Жұмыс істегісі келеді-ақ, бірақ кіруі­нен шығуы тез. Жұмыстан жиі кешігіп қала берген соң шығарып жібереді. Төрт рет әрекет жасап, ішкіліктен емдетуге тырысқанымызбен, еш нәтижесі болмады. Екі айдан кейін қайтадан ішіп кетеді. Бұл жолы оған мықты психиатрды тауып, көрсеттік. Ол Жанельге қатты көмектесті. Әпкем оның бекітіп берген әдісі бойынша, бес жыл мерзімде төзімділік танытса барлығын жеңіп шықпақ. Оның өмірді жаңаша бастауға талпынысын көріп қуанып жүрмін. Барлық дәйектерді келтір­ек, оның текке мұндай болып кетпегенін түсінеміз. Жанель өте бақуатты отбасында өсті. Ата-анамыз балалары үшін барлық жағдайды жасады, барынша еркелетіп өсірді. Біздің кең де жарық пәтеріміз бар еді. Оның іші әркез қуанышқа, шаттыққа тұнып тұратын. Жанель өте сұлу, ашық-жарқын, адамдармен тез тіл табысқыш қыз болып өсті. Оның жанынан үйіріліп ұлдар шықпайтын, үнемі жұрттың назарына ілігіп жүретін. Міне, осылай күндер өте берді. Жанель 15 жасқа келгенде өзі қатарлы Майра деген қызбен танысты. Оның жалғыз анасы бар еді, әкесінің кім екенін білмейді, киім де, ақша да жетпей тарығып жүретін. Енді олар әпкелі-сіңлідей болып жұптарын жазбай жүретін болды. Майра біздің үйде жиі қонып қалатын, үстіне әпкемнің киімдерін киіп алуға құмар еді. Кейін келе ол әпкемнің көшірмесі болуға тырысты, дәл сондай шаш үлгісін де жасатып алды. Сонда да жігіттер оған қараған жоқ. Осыдан соң Майра Жанельдің жанындағыларды одан алыстатуға тырысып бақты. Оның сөзін тыңдаған Жанель барлығынан іргесін аулақ сала бастады. Майраның дегенімен жүрді. Біз Майраның Жанельге деген қызғанышын анық байқайтынбыз. Іштей жек көрушілік сезімі де болуы әбден мүмкін. Бірақ Жанель біздің айтқанымызға құлақ аспады, ешқайсымызды тыңдамады.Барлығы Майраның көріп­кел-бақсыларды жағалауынан басталды. Сондай балшылардың біреуіне Жанельді анамызбен бірге баруға көндірді. Өмірлері қалыпты болғандықтан барғысы келмеген. Бірақ, неліктен екені белгісіз, барды. Бұлар кіріп шыққаннан кейін іле-шала Майра­ анасымен ішке еніп кетті. Сеанс кезінде айтарлықтай ештеңе болған жоқ. бірақ кейін біздің отбасымыз күйреді! Ата-анамыз ажырасып кетті, пәтерді ауыстырдық, ақша жетпеді, бәрі күннен-күнге күрт нашарлай берді. Сол бір ауыр күндерді еске алудың өзі қиын. Ал, Майрада бәрі керісінше! Анасы медбике сияқты еді, бірақ кенет көп ақша таба бастады, үстіне қымбат киімдер іліп, алтын әшекейлер тақты. Қысқасы, олардың өмірі гүлдей жайнап сала берді. Қыздардың достығы да жалғаса берді. Бірде Жанель жұмыста нағыз сыған әйелмен танысады. Ол орыстанып кеткен, бір кітап дүкенінде сатушы болып жүрген әйел. Достасып, бір-бірімен араласа бастады. Ол біздің үйге қонаққа жиі келетін болды. Сол Катя әпкеме жақын келіп, бас-аяғы жоқ, «сенің сүйікті жануарың не?» деп сұрайды. Әпкем ойланбастан, ит екенін айтады. Сол кезде біздің «ньюфаунленд» тұқымды итіміз бар еді, оны бәріміз жақсы көретінбіз. Соны сұрап білген соң сыған әйел кетіп қалды. Арада бірнеше күн өткенде итіміз жоғалды. Түні бойы оны іздеп шықтық. Таңертең оны әкеміз жол айырығында өлі күйінде тапты. Катяға жүгіріп барып, итімізді жай сұрадың ба деп сұрақтың астына алғанбыз сонда. Сол кезде ол Жанельдің бойында өлсін деп жасалған қара дуаның барын айтты, оны басқаға, яғни сүйікті жануарына аудару арқылы алып тастауға болады екен. Осыдан кейін Катя үш күн бойы төсектен тұра алмай жатып қалды. Әрі ол бұл дуаны кімнің істегенін де айтып берді. Түр-түсін сипаттағанда онысы тура Майра болып шыға келді. Ал, оны Катя өмірі көрген де емес. Оң қолында екі алтын жүзігі бар екендігін, оның әпкемді қатты жек көретіндігін, оған өлім тілейтінін айтты. Иттің орнында жол айырығында Жанель жатуы мүмкін екендігін де жеткізді. Сондай адаммен арақатынасты үзуге желеу табылып тұр емес пе, бірақ Жанельдің көзі байланып қалған екен, ештеңе естігісі келмеді. Бұл кезде өміріміз одан бетер нашарлаған үстіне нашарлай түсті. Бірде Майра отырыста бір жігітке жабысты. Желімше жабысқаны сонша, оған менің әпкем де көмектесті. Бір ғана мысал айтайын: егер жігіт үш күн бойы келмей қалса, Майраның бетіне опа-далапты аямай жағып, қолын суық судың астына мұздатып барып, әпкем әлгі жігітке қоңырау шалады да: «Майра сен үшін өлгісі келіп, дәрі-дәрмектерді уыстап ішіп алды» деп байбалам салады. Жігіт жүгіріп жетеді, қыздың жүзі әппақ қудай, қолдары мұздап кеткен, әрине, ол бәріне амалсыз сенеді. Мұндай қулықтары жетіп артылады. Ақырында олар тойға дайындала бастады. Дәл той алдында жігіт әпкеме: «Оған не үшін үйленгелі жатқанымды өзім де түсінбеймін, мұны мүлде қаламаймын да. Себебі әу баста маған сен ұнаған болатынсың!» – дейді. Бұдан соң әпкем ойша Майрамен тілдесіп, ұрысып, оны қуып шығып, өзінен тартып алғанды қайтаруын сұрап жалынып жүретін болған. Бірақ мұның көмегі боларына сенімі аз. Алайда досының жасаған зұлымдығы қайтып өзіне барғанын қатты қалайды. Міне, содан да арада 20 жыл өткеннен кейін де өмірін қайтадан бастағысы келеді. Бір таңқаларлығы, әпкем әлі де сұлу, жас көрінеді. Өмірді қайта бастауына мүмкіндік бар, сенім де бар. Бірақ ең жақын досынан түбегейлі бас тартқанынша, алға қарай жылжи алмасы анық. Себебі 20 жыл бойы арқасы ауырып келеді. Досы арқасына жабысып алғандай әсерді сезінетінін айтады. Енді бұған нендей амал жасауға болады? Барлығы Алла тағаланың құзырында

kerek-info.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *