Жас қызды 14 адам жабылып зорлаған

Арқалықтағы Екідін ауылының тұрғыны өзін қорлаған бұзақыларды жауапкершілікке тарта алмай, құқық қорғау органдарының немқұрайлығына наразы. 22 жастағы қыздың ісін адвокат Айман Омарова қолға алмақшы. Екі жақ арасындағы даудың неге әкеліп соғатыны белгісіз. Себебі бұл жағдайда 14 адамға қарсы іс қозғалмақшы деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  NewTimes.kz-ке сілтеме беріп.

 Танымал адвокат Айман Омарованың айтуынша, қиын жағдайға душар болған адамдардан оған жиі хат келеді. Осы жолы адвокатқа Арқалықтан 22 жастағы қыздан хат келген.

«Мен Қостанай облысы Арқалық қаласының жанындағы Екідін ауылының тумасымын. Бұл хатты сізге жазудағы себебім – әділдік үшін күрес. Мені 14 жігіт зорлап, қорлады. Осы уақытқа дейін бұл жағдайды ешкімге айтпаған болатынмын. Ұялып, қорқып жүрдім. Қазір менің аяғым ауыр. Туыстарым мен ата-анам менің аяғым ауыр екенін байқаған соң барлық мән-жайды білді»,-деп жазады хатында қыз.

Қыздың айтуынша, барлығы 2017 жылы басталған. Ол сыныптасының тойына барып, сондағы қонақтардың бірінің әйелі бұны өзімен бірге сыртқа шығып келуді сұраған.

«Дәретханаға бара жатыр едік, алдымызға көлік келіп тоқтады да, одан Е.М шығып, мені еркімнен тыс көлікке отырғызды. Менің жанымда келе жатқан жүкті әйелдің күйеуі-менің сыныптасым көлікке жүгіріп келді, алайда үлгермей қалды. Көлік жүріп кетті, салонда: Е:Т, Н.С, А.О, Е.М – барлығы төрт адам отырған. Мені Б. есімді жігіттің ауыл сыртындағы үйіне апарды. Ең бірінші мені Е.М зорлады, одан кейін А.О, Е.Т, Н.С. Бәрі біткен соң мені кафеге апарып, лақтырып кетті. Ұзақ уақыт өзіме келе алмай, үйге әрең жеттім. Алайда қатты қорыққандықтан, ешкімге айта алмадым»,-дейді қыз.

Қыздың айтуынша бірнеше айдан кейін оны тағы 14 жігіт зорлаған. Ол бұзақылардың біреуінен басқаларының есімдерін білетінін жазады. Сыныптасының үйінен шыққан ол көшеде бір топ балаларға ұрынып қалған.

2017 жылдың қыркүйегінде бойжеткен тағы да қорлыққа ұшыраған. Оның айтуынша, қыздың сыныптастары өздерін ерсі ұстаған. Құрбысының үйіне отырғанда қасына екі жігіт келген. Қыздың өзін шығарып салуын сұрағанымен, құрбысы оның жалғыз өзін жіберген көрінеді. Сол жол қыз тағы зорлыққа ұшыраған.

Үш айда үш рет зорланған қыз енді жүкті болып қалған.

2018 жылы ол Арқалық қаласының ІІД-не арыз жазған. Алайда қыз көрсеткен жігіттердің барлығынан жауап алынбаған.

«Қазір мен емделіп жатырмын. Ал мені қорлағандар бостандықта жүр»,-деп қапаланады ол.

Ол хатында Айман Омарованың өзіне көмектесуін сұраған.

«Қазіргі уақытта мен бас прокуратураға істі бақылауға алу жөнінде хат жолдадым, сонымен бірге ІІМ-ге істі Арқалық қаласының ІІД қызметкерлеріне емес, Қостанай облысының ІІД-ге жіберуді сұрадым»,-дейді А.Омарова.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *