Жоғалтып алған сүйіктім түрмеден табылды…

Ыстығы мен суығы, қызығы мен шыжығы қатар жүретін мына өмірге адам болып келіп, адам болып өту қандай қиын еді. Өмір жолдары әр түрлі, тағдырлары бұралаң жандарды көріпте, естіпте жүрміз. Бақытты адамдарға қызығыпта, қызғаныпта қараймын.. Сүреңсіз өтіп жатқан өмірімнің ешбір қызығы қалмағандай көрінетін…Жаратушым маған көрікті аямай берген. Аяқ қолым бүтін, денім сау.

Әттеген- ай, балалық шағымның өзіне тән дәмін тата алмадым. Бала болып аунап- қунап өспедім. Кішкентайымнан жоқшылық азабын көп тарттық. Шиттей бала шаға, ауылды жерде тұрдық. Сол жоқшылықтың кесірі ме білмеймін әйтеуір әкем араққа салынып кетті. Таң қалатын түгі жоқ. Екінің бірінде болып жатқан жағдай дерсіздер.. иә, әкем ішіп алыпты дегенді естігенде бәріміз жан- жақа қаша бастайтынбыз. Қыстың қара суығында ақ қар, көк мұзда анамызды жалаң аяқ үйден қуып шығатын. Көзіміз жәутеңдеп, кімге барарымызды білмей жалынышты үнмен әкемізге «қойыңызшы» дегеннен басқа ештеңе айта алмайтынбыз. Сайтан суға құнығып кеткен адам бізді тыңдасын ба? Кіп- кішкентай өрімдей ғана қызбын. Арақ бар жерде қайдан береке болсын? Осылай күніміз өтіп жатты. Көзіміз еш құрғамайтын. Айқай- шу, ұрыс, боғауыз сөздер. Тіпті кейде қол көтеріп шығатын. Осылай анам бір күні мүгедекке айналды. Жанарына қарасаң тұнып тұрған мейірімділік пен тек қайғы- мұңды ғана көремін. Шеше байғұс қайтсін? Көрерім бар екен деп тағдырына бойынсұнғалы қашан…

Алтыншы сыныпқа өткен кезім. Анамның хәлі анау. Ал әкемнің сиқы мынау. Бес бірдей бала жерге нан таппай, ішер асқа жарымай, біріміздің киімімізді біріміз киіп өсіп жаттық. Дала жұмыстарымен айналысып, тапқан тиын -тебенімді анамның алақанына салғанымда менен бақытты жан болмаушы еді. Маңдай термен келген ақша қандай тәтті болады десеңші? Күн артынан күндер, ай артынан ай өтті. Өзгерген түк жоқ, әкем сол күйі ішуін жалғастыра берді. Туыстардың үйге қарай ат ізін салмағалы қашан. Біреу келіп ақылын айта қалса,« бәрің данышпансыңдар. Сендердің ақылдарың менің қалтамда»,- деп әкем шалқайып тұрып теңселе, тілі бұратылып, қарылған даусымен жауап беретін. Солай жүріп мектеп бітіретін уақытта келіп жетті. 11 жылдық білімді 3 сағатта тексеретін емтихан құрғыры уайымға салып бітті. Сенер ешкімім жоқ. Жатсам- тұрсам тілейтінім сол. Аман -есен өтіп кетсем екен. Жақсы бір маман иесі атансам, «грант » дегеніне қолым жетермекен деп ойланып қоямын. Күндіз түні жатпай- тұрмай дайындалып әупірімдеп жүріп сынақтан ең жоғарғы балдардың бірін иелендім. Қуанышым қойныма сыймағанын көрсеңіздер ғой. Бүкіл әлем менің аяғымның астында сияқты болып көрінді. Өзім қалаған оқу орынның ең жақсы деген мамандығынан ойып тұрып орнымды алдым. Аллаһтың маған берген сыйларының бірі деп есептеймін. Себебі мен оқыған жылдары бұндай мүмкіндіктер тіптен аз болды. 

Студенттік өмір! Міне ғажап..қандай қызық десеңші? Өмірге бір ақ рет келетінің сияқты нағыз студентте бір- ақ рет бола алсаң керек. Жаңа достар, жаңа таныстар. Ең бастысы ауылдағы өмірді, жоқшылықты, ішкіш әкемді ешкім бетіме баспайды. Шауып- шапқылап сабағыма барып келемін. Емтихандардан жақсы көрсеткіштер көрсеттім. Екінші курсыма өткенімде бір жігітпен аяқ- астынан көше бойында танысып кеттім. Сұңғақ бойлы, денелі келген, қырлы шалбар, күлімдеген көздер. «Танысуға болады ма?» деп қыр соңымнан қалмай қойды. Ал, жарайды деп біраз назданып барып таныстым. Сөзі жалпы дұрыстау жігіт. Өзі де жаман емес сияқты. Сол жерде тұрып номер алмастық. Ары қарай қызықты күндер басталып кетті. Күн сайын құшақ- құшақ гүлдер, университетімнің алдынан күтіп алады. Үйіме шығарып салады. Бәрі керемет. Уақыт шіркін бір орнында тұра ма? Солай жүріп үшінші курсқа да өттім. Жігіт өте тәрбиелі, бір дауыс көтеріп көрмеген. Өзі оқыған, шоқыған. Жұмыс жасайды. Жоғары қызметте. Адамдармен қалай тіл табысу керектігін біледі. Маған мынадай жігіт жолыққаны рас па, өтірік пе деп жүрмін. Солай жүріп бір күні үйлену жайлы сөз қозғады. «Жақын арада отау көтерейік»,- деп әңгіме ашығынан болғандықтан амалдың жоқтығынан үй- ішім жайлы, тұрмыстық жағдайым, ата- анам бәрін жасырмай шындықты айттым. Содан кейін ол аяқ- асты жоғалып кетті. Қызбын ғой деп намысқа тырысып хабарласпай жүрмін. Олда хабарсыз. Бір жағы кетер болса неге айтып кетпеді екен? деп іштей өкпелепте жүрмін. Арада 3 ай өтті. Жаңа жыл кеші жақындап келеді. Құттықтағым келді, бірақ дәтім бармады. Қалай, не айтам деген ойлап мазалады. Онсыз өткен күндеріме де өкпелеп жүрдім. Бауыр басып қалған екенмін. Өксігімді баса алмай жылапта алатын болдым.

Бір күні ұялы телефоныма қарасам хабарласып жатыр. Ұзақ ойланып барып көтердім. Сөйтсем ағасы. Жұмысында түсініспеушіліктер болып ол қамалып қалды. Қазір түрмеде 4 айдан асты саған хабарласуға мүмкіндігі болмады. Өзіңе жазған хаты бар деп үйге әкеліп тастап кетті. Қандай ауыр десеңші, хатын оқып көзден тамған ыстық тұзды жас ерніме барып бір- ақ тигенде өзегімді бір өксік жұлмалап кетті. Жағдайдың бәрін түсіндірген, сүйетінін айтқан. Күткенімді қалаған. Уайымдап күнде жыладым. Артынан бардым. Жолықтым. Өкпемді баса алмай тағы жыладым. Сағыныпта қалыппын. Міне, солай 4 ші курсты да бітірдім. Диплом қорғап, маман иесі атандым. Жақсы жұмысқа кірдім. Ал жігітім болса 3 жылды артқа тастап бостандыққа шықты. Еш өзгермеген, сол күйі. Әке- шешемнің алдынан өтіп, айттырып келді. Сырғамды салып, құда түсіп алып кетті. Дүркіретіп тойымды жасады. Жақсы жұмысқа орналасып алды. Ата- енем көргенді кісілер, өз қызындай көріп отыр. Әкем арақты қойды. Жағдаймыз дұрысталды. Сүйгенімді тастамағаныма қуанамын, олда мені түсініп сыйлап отырғанына Аллаһқа шүкір деймін. Ал ең қызығы аяғым ауыр, мен ана боламын… 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *